Accessibility links

Қарағандыда экс-полицейді соттап жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қарағандының мамандандырылған ауданаралық соты облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ерғабыл Жүкеновтің ісін қарап жатыр. Оған "қарамағындағы адамдардан қомақты қаржы бопсалаған" деген айып тағылған.

Бұл істегі жәбірленушілер - патруль қызметінің 11 өкілі. Іске тіркелген бір видеоны "полицейлердің параға бола жүргізушілерді әкімшілік жауапқа тартпауға келіскені түсірілген сәт" деп сипаттайды. Ерғабыл Жүкенов полицейлерді қылмыстық жауапкершілікке тартқызбау үшін және ол видеоны жария етпеу үшін олардан ондаған мың доллар талап еткен деп жориды. Айыптаушы тарап соттан оны бес жылға соттап, мүлкін тәркілеп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқармауға үкім етуін талап етеді.

Айыпталушы Ерғабыл Жүкенов таққан айыптарды мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.

XS
SM
MD
LG