Accessibility links

Брюссельде миграция жайлы саммит өтіп жатыр


Грекия мен Македония шекарасындағы теміржолды бөгеп тұрған мигранттар. Грекия, 3 наурыз 2016 жыл.

Грекия мен Македония шекарасындағы теміржолды бөгеп тұрған мигранттар. Грекия, 3 наурыз 2016 жыл.

Бүгін Бельгия астанасы Брюссельде Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшылары төтенше саммитте миграциялық дағдарыс жайын талқылап жатыр. Жиынға Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу да келген. ЕО құрамындағы 28 елдің басшылары Таяу Шығыс пен Африкадан шыққан, Еуропадан баспана ала алмайтын мыңдаған босқынды Түркияның қабылдауын сұрауы мүмкін.

Былтыр қарашада ЕО мен Түркия "Анкара қаржылық көмектің есесіне Еуропаға баратын мигранттарды азайтуға септеседі" деп келіскен.

Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск саммит кезінде мигранттардың Батыс Балқан арқылы өтетін жолын жабу жоспарын айтты. Ол жол арқылы Еуропаға былтыр 880 мың, биыл екі айда 128 мың мигрант өткен.

Қазір Түркиядан Грекияға күнінен 2 мыңдай босқын өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG