Accessibility links

Симферопольде меджлис ғимаратына шабуыл жасалды


Қырым татары халқы меджлисі ғимараты. 22 маусым 2012 жыл.
Қырым татары халқы меджлисі ғимараты. 22 маусым 2012 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырымның Симферополь қаласындағы қырым татары халқының аймақтық меджлисі ғимаратына шабуыл жасалды деп хабарлады Қырым татары халқын қорғау комитетінің үйлестірушісі Эскендер Бариев. Оның айтуынша, беймәлім адамдар ғимараттың терезесін сындырған.

Қырым үкіметінің вице-премьері Руслан Бальбек қырым татары халқының аймақтық меджлисі ғимараты республика меншігіне өткенін, оның жуықта қырым татары этнографиялық музейіне берілетінін хабарлады. Бальбектің айтуынша, Украина Шмидт көшесіндегі ғимаратты "Қырым" қорына заңсыз берген, Севастополь апелляциялық соты бұл жайлы ақырғы шешім шығарған.

Бұған дейін Қырым билігі ол елде қырым татары халқының меджлисіне тыйым салған. Бұл іске қатысты ендігі сот 10 наурызда өтуі керек.

"Крым.Реалии" сайтының жазуынша, Қырымда қырым татары халқының меджлисі жұмысына сот арқылы кедергі келтіру ісі жалғасып жатыр. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары билік қырым татары халқын қуғындай бастай ма деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG