Accessibility links

McDonald's ашылуына саясаткерлер де барды


Астанадағы McDonald's мейрамханасының ашылуына келген тұрғындар. 8 наурыз 2016 жыл.
Астанадағы McDonald's мейрамханасының ашылуына келген тұрғындар. 8 наурыз 2016 жыл.

Астанада 8 наурыз күні Қазақстандағы алғашқы McDonald's (Макдоналдс) мейрамханасы ашылды. Бұл шараға жүздеген адам жиналып, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді.

Әділбек Жақсыбеков «Қазақстанда McDonald's ашылуы бизнеске оң әсерін тигізеді» деді.

Қазақстандағы алғашқы McDonald's мейрамханасының өкілдерінің айтуынша, "Қазір өнімдерін локализациялау шаралары жүріп жатыр, яғни Алматы маңында мейрамхананы жергілікті өнімдермен қамтамасыз ететін зауыт салынбақ".

Полиция бөгеп тұрған жұртшылық бір жарым сағаттан кейін кіруге мұрсат алды.

XS
SM
MD
LG