Accessibility links

АҚШ вице-президенті Савченконы босатуға шақырды


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко. Мәскеу, 27 қаңтар 2016 жыл.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко. Мәскеу, 27 қаңтар 2016 жыл.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Ресейді украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға таққан барлық айыбынан бас тартып, оны тез босатуға шақырды. Ол АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында жариялаған мәлімдемесінде украиналық ұшқыштың Ресей түрмесіне заңсыз қамалып, жалған айыппен сотқа тартылып жатқанын айтқан.

Савченко 3 наурыздан бері, сот соңғы сөзін айтуға рұқсат бермей қойғаннан бері нәр татпай аштық жариялап жатыр. Ол өзін күштеп тамақтандыруға тыйым салатынын мәлімдеген, бірақ адвокаттардың айтуынша, Ресей заңдары бойынша адамның мұндай жолмен өлуіне жол берілмейді.

Жексенбі күні Савченконың адвокаты Марк Фейгин Украинаның "Новое время" газетіне наурыздың соңы мен сәуірдің басында Савченконы Украинаға беруі, оны Ресейдің Украинада қамалған екі азаматы, тыңшылар Александр Александров пен Евгений Ерофеевке айырбастауы мүмкін екенін хабарлаған.

Надежда Савченко Ресей тағып отырған айыптарды мойындамайды. Оны ресейлік екі тілшінің өліміне қатысты айыптаған. Савченко өзін отанына дереу қайтаруды талап етеді. Бұған дейін ол бірнеше рет аштық жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG