Accessibility links

Словения мигранттарды кіргізуді шектейді


Словенияның Австриямен шекарасындағы теміржол станциясында тұрған мигранттар. Ақпан 2016 жыл.

Словенияның Австриямен шекарасындағы теміржол станциясында тұрған мигранттар. Ақпан 2016 жыл.

Словения ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 9 наурыздан бастап елге кіретін мигранттар саны шектеледі. Бұл шешім Еуропаның ауқатты елдеріне жету үшін Хорватиядан Словенияға баратын мигранттар санын азайту үшін қабылданған.

Сербия билігінің хабарлауынша, Словения билігі елдің шекара қызметі шекарадан өтетіндерден Шенген визасын талап ете бастайды. Осылайша, Түркия мен Грекиядан Балқан түбегі арқылы Германияға баратын маршрут іс жүхінде жабылмақ. Еуропа Одағына кірмейтін Сербия да Македониядан келетін мигранттар санын шектеу үшін Шенген визасын талап ететінін жария етті.

XS
SM
MD
LG