Accessibility links

АҚШ: Иранның зымыран сынауы БҰҰ қарарын бұзуы мүмкін


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби.

АҚШ Иранның таяуда зымыран сынауы БҰҰ қарарын бұзуы мүмкін деп ескертті. Вашингтон бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтеруі мүмкін екенін мәлімдеді.

8 наурызда Иран ақпарат құралдары елде бірнеше зымыран сыналғанын хабарлаған. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби бұл ақпаратты әзірге растай алмайтынын мәлімдеді. Ал Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест зымыран сынау Иранның әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімін бұзбағанымен, бұл мәселеға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әлі де күшінде тұрған арнайы бір қарары барын мәлімдеді.

Эрнест президент әкімшілігі АҚШ БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде бір әрекет жасау үшін зымыран сыналғаны туралы ақпаратты әлі сараптайтынын хабарлады.

БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дуярич ұйым ирандық ақпарат құралдарының хабарларын қарастыратынын және санкцияны бұзғаны туралы шешімді Қауіпсіздік кеңесі қабылдайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG