Accessibility links

Савченко сотта соңғы сөзін айтады


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко бүгін Ресейдің Донецк қаласында өтіп жатқан сотта соңғы сөзін айтады. Савченко Украинаның Луганск облысында ресейлік екі журналистің қаза табуына қатысы бар және шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен сотталып жатыр.

8 наурызда Мәскеуден Донецкіге барған Савченконың адвокаты Николай Полозов Twitter-де Савченконың жүрегі ауыратынын жазды. Бұған дейін адвокаттар Савченко құрғақ аштық ұстап жатқандықтан сотта сөйлеуге дәрмені болмауы мүмкін деп қауіптенген.

Савченконың соңғы сөзінің мәтіні 3 наурызда, соттың жарыссөз кезеңінде судья оған сөз бермей отырысты 9 наурызға шегерген соң интернетте жарияланған. 3 наурызда ол аштық жариялаған. Савченко 2014 жылы жазда ұсталғаннан бері бірінші рет аштық жариялап отырған жоқ.

Надежда Савченко өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, өзін Украинаға қайтаруды талап етеді. 7 наурыздан бері Украина мен Ресейдің кейбір қалаларында Савченконы дереу босатуды талап еткен акциялар өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG