Accessibility links

Назарбаев Оралға сапарлап барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласына барды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Назарбаев бірқатар нысанға барып, Қазақстан халқы ассамблеясының "Біздің күшіміз - бірлікте" деп аталатын республикалық форумына қатысады.

Назарбаев сапарында Оралдағы құрылысқа арналған темір-бетон өнімдері мен конструктивтік жүйелер шығаратын құрылыс комбинатында болған.

Азаттық тілшісінің хабарлауныша, бүгін күннің екінші жартысында Назарбаев университетінде кездесу президентпен кездесу өтеді.

XS
SM
MD
LG