Accessibility links

Министрлік мектепте діни киім киюге тыйым салды


Қазақстандық оқушылар (Көрнекі сурет).

Қазақстандық оқушылар (Көрнекі сурет).

Қазақстан білім және ғылым министрлігі орта мектеп оқушыларына арналған міндетті киім формасына қойылатын талаптарды бекітті.

Үкіметтің ресми сайтында жарияланған құжатта талаптың "білім беруді зайырлы сипатта қылуға және орта білім беру орындарында оқитындар арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да айырым белгілерін жоюды көздейтіні" айтылған. Құжатта жаңа талапқа сай мектеп формасында қандай да бір конфессияға қатысты киім белгісі болмауы тиіс екені айтылған.

Талап бойынша, мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, үш түрлі түстен аспайтындай болуы керек. Мектеп формасы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты енгізіледі және ол күнделікті, салтанатты шараларда және дене шынықтыру пәні кезінде киетін деп үшке бөлінеді.

Мектеп формасына қойылатын талап жергілікті климат жағдайын, оқу орнындағы жағдай мен температураны ескере отырып орындалуы тиіс.

Бұған қоса мектепте оқушыға денесіне жарақат салатын киім киюге және заттар тағынып жүруіне тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG