Accessibility links

Савченкоға үкім 21 наурызда жарияланады


Украиналық ұшқыш Надежда Савченконың соты. Донецк, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченконың соты. Донецк, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.

Ресейдің Донецк қалалық сотында өтіп жатқан сотта бүгін украиналық ұшқыш Надежда Савченко соңғы сөзін айтты. Савченко 21 наурызда сот үкімі шыққан соң 10 күн аштығын жалғастыратынын мәлімдеді.

Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, сот залына "Первый канал", "Россия" телеарналарының журналистері ғана кіргізіліп, қалған журналистер сот барысын БАҚ өкілдеріне арналған залдан бақылаған.

Сот Савченкоға үкім 21 наурызда жарияланатынын хабарлаған. Бұған дауап ретінде Савченко құрғақ аштық ұстауды жалғастыра беретінін айтты, ал залда сотқа қатысып отырғандар Украина әнұранын шырқады.

Савченко соңғы сөзін украин тілінде айтып, оны аудармашы тәржімалады. Ол қазір аштығын тоқтатқанын, егер сот үкімді бір аптадан кеш мерзімде шығарса онда 21 наурызда үкім жарияланған соң аштықты жалғастыратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG