Accessibility links

Ахметовтің адвокаты: Мемлекетке келген залал өтелді


Экс-премьер Серік Ахметов сот залында. Қарағанды, 28 шілде 2015 жыл.

Экс-премьер Серік Ахметов сот залында. Қарағанды, 28 шілде 2015 жыл.

Экс-премьер Серік Ахметов сот "мемлекетке залал келтірді" деген қаржысын өтеді. Ахметовтің адвокаты Николай Лесниктің Азаттыққа айтуынша, Ахметовтің ісі бойынша мемлекетке 2 миллиард 225 миллион теңге (шамамен алты жарым миллион доллар) төленген. Лесниктің сөзінше, Ахметовтің достары залал қаржыны екі транш арқылы төлеген.

- Қаржыны оның (Ахметовтің - ред.) тағдырына бей-жай қарай алмайтын достары қайтарды. Ертең не болатыны белгісіз ғой. Олар мұны сот ескерсін деген ниетпен ғана істеді. Шығынды толық өтеу жазаны тағайындағанда есептеледі. Оны заң қарастырады. Бірақ бағаны сот береді, - деді Азаттыққа Лесниктің адвокаты Серік Ахметов.

10 наурызда Қарағанды облыстық сотында Серік Ахметовтің ісі бойынша апелляциялық шағым қаралады. Экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовты сот өткен жылдың желтоқсанында коррупция айыбымен он жылға соттап, дүние-мүлкін тәркілеу және бес жыл мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім кескен. Сотқа дейін үйқамақта болған Ахметов үкімнен соң сот залында тұтқындалған.

Ахметов және оның ісіне қатысты сотталған Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы бірнеше шенеунігі тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Соттағы соңғы сөзінде Ахметов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады. Ол Назарбаевты өзінің "ұстазы" әрі "жол бастаушысы" деп атап, "оның сенімін ақтай алмағаны үшін" кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG