Accessibility links

Иран екі баллистикалық зымыран сынады


Иранның мекен-жайы белгісіз жерден сынақ үшін ұшырған баллистикалық зымыраны. 8 наурыз 2016 жыл.

Иранның мекен-жайы белгісіз жерден сынақ үшін ұшырған баллистикалық зымыраны. 8 наурыз 2016 жыл.

Иранның Fars және Tasnim ақпарат агенттіктері Ислам революциясын қорғау корпусы бүгін таңертең екі баллистикалық зымыран сынағанын хабарлады. "Quard H" деп аталатын екі зымыран Иранның солтүстігінен ұшырылып, елдің оңтүстік-шығысындағы 1400 километр қашықтықтағы нысаналарды жойған.

Tasnim агенттігінің мәліметінше, Иран соңғы тәулікте осымен екінші рет баллистикалық зымыранын сынақтан өткізіп отыр. Ислам революциясын қорғау корпусының мәлімдеуінше, сынақ "Иран қарулы күштерінің елге төнген кез-келген қауіпті тойтаруға үнемі дайын екенін білдіру үшін" жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG