Accessibility links

Душанбе валюта айналымына бақылауды күшейтпек


Душанбедегі ақша айырбастау пунктінің алды. Тәжікстан, 9 наурыз 2016 жыл.

Душанбедегі ақша айырбастау пунктінің алды. Тәжікстан, 9 наурыз 2016 жыл.

Тәжікстан парламенті бүгін шетел валютасымен заңсыз операция жүргізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заңға түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады. Жоба қабылданса банктен тыс орындарда валюта операциясын жүргізгені үшін төрт жылдан тоғыз жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін. Бұған қоса жеке азаматтар, шенеуніктер мен ұйымдар үшін айыппұл салу қарастырылған.

Заңға өзгерістер енгізуді қаңтар айында Тәжікстан Ұлттық банкі ұсынған. Банк өзгерістер енгізудің мақсатын шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамының қымбаттауын болдырмау деп атаған. Қаңтар айында Соғды облысында ондаған азаматтың үстінен "заңсыз валюта айырбастағаны" үшін қылмыстық және әкімшілік іс қозғалғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG