Accessibility links

ЕО Ресейге салған санкцияларын ұзартты


Ресейдегі санкцияға қарсы флешмоб. Мәскеу, 28 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдегі санкцияға қарсы флешмоб. Мәскеу, 28 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына және Украинаның аумақтық тұтастығына қауіп төндіргені үшін санкцияға іліккен ресейлік 146 азамат пен 37 ұйымға қарсы шараның мерзімін ұзартты. Тағы алты айға созылған санкция тізімінде Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин, Ресей президенті кеңесші Сергей Глазьев, Кремльдің бас насихатшысы ретінде сипатталатын Дмитрий Киселевтер бар.

ЕО санкциясына ілінгендердің арасында Қырымдағы бірнеше кәсіпорын мен Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер құрған әртүрлі батальондар бар.

Соңғы кездері қайтыс болған үш ресейлік қайта созылған санкция тізімінен шығарылды. Олардың арасында биыл кенеттен көз жұмған генерал-полковник, Ресей бас штабы бас барлау басқармасының бұрынғы директоры Игорь Сергунның аты-жөні де бар.

ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияны ұзартқан шешімі осы аптаның соңында күшіне енеді. 2 наурызда АҚШ та антиресейлік санкцияларын созғанын мәлімдеген. Көбісі Ресейдің энергетика және банк саласына салынған санкциялар шілдеде ары қарай ұзартылмақ.

XS
SM
MD
LG