Accessibility links

Порошенко: Савченконы айырбастап алуға дайынмын


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Анкарада Ресейде сотталып жатқан украиналық ұшқыш Надежда Савченконы Украинаға қайтару үшін оны айырбастауға дайын екенін мәлімдеді. Ресей Савченконы 2014 жылы Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деп айыптайды. Бірақ Савченко айыпты жоққа шығарып, өзін қамауда ұстауға наразылық ретінде 3 наурыздан бері аштық ұстап жатыр. 9 наурызда Донецк қалалық соты Савченкоға үкімді 21 нарызда жариялайтынын хабарлаған.

"Егер мәселе менің оны біреуге айырбастау туралы шешім қабылдауға дайын екендігімде болса, онда мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, айырбастауға дайынмын" деді Порошенко Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуден соң. Ол Ресейден әзірге Савченконы айырбастау туралы ұсыныс түспегенін айтты.

9 наурызда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова сот шешімі шыққанға дейін Савченконы айырбастау туралы келіссөз "теория жүзінде де, іс жүзінде де" болмайтынын мәлімдеген.

Надежда Савченконы қамауда ұстау мен оның аштық жариялауы 9 наурызда Украина мен Ресейде наразылықтар тудырып, әлем елдері басшылары Ресей билігін оны босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG