Accessibility links

Ингушетияда журналистерге шабуылға қатысты іс қозғалды


Норвегиялық журналист Ойнстайн Виндстадтың Ингушетиядағы шабуылдан кейінгі келбеті.
Норвегиялық журналист Ойнстайн Виндстадтың Ингушетиядағы шабуылдан кейінгі келбеті.

Ингушетия ішкі істер министрлігі журналистер мен белсенділерге шабуыл жасалуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресейлік "Медиазона" сайтының тілшісі, шабуылға қатысты жәбірленуші ретінде тергелген Егор Сковородтың хабарлауынша, қылмыстық іс "бұзақылық" және "мүлікті қасақана жою" баптары бойынша тергеліп жатыр. Шабуыл жасағандардың кім екені де анықталып жатыр.

9 наурызда Ингушетиядан Шешенстанға бара жатқан ресейлік және шетелдік журналистер мен Азаптаудың алдын алу комитетінің құқық қорғаушылары мінген көлікке 20 адам шабуылдаған. Бетперде, киген, пышақпен қаруланған белгісіз адамдар микроавтобустан барлық жолаушыны түсіріп, ұрып-соғып, сосын көліктерін өртеген.

"Өте қорқынышты болды. Мен өлетін шығармын деп ойладым. Соңғы рет әйеліммен қоштасу керек деп ойладым" деді зардап шеккен норвегиялық журналист Ойнстайн Виндстад Aftenposten басылымына берген сұхбатында. Оның сөзінше, шабуылдағандар журналистерді "сатқын, террористер" деп атап, оларға Грозныйда істейтін ешнәрсе жоғын айтқан. Зардап шеккендер арасында Ресей, Норвегия мен Швеция азаматтары бар.

Бұдан соң камуфляж киген, автоматпен қаруланған адамдар ресейлік "Азаптаудың алдын алу комитетінің" Ерікті мобильді тобының кеңсесіне шабуылдаған. Шабуыл жасалғанда кеңседе ешкім болмаған.

Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілі Йохан Бир ресейлік "Коммерсант" басылымына сұхбатында шабуылды Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың оппозиция атына айтқан қатқыл мәлімдемесімен байланыстырды. Шешенстан басшылығы журналистер мен құқық қорғаушыларға шабуылды Қадыровпен байланыстыруды "ақылға сыйымсыз" деп атады.

XS
SM
MD
LG