Accessibility links

АҚШ: Пенсильванияда атыстан 5 адам қаза тапты


Нью-Йоркте болған атыстан кейінгі көрініс. 9 қараша 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Нью-Йоркте болған атыстан кейінгі көрініс. 9 қараша 2015 жыл (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың шығысындағы Пенсильвания штатында атыстан бес адам қаза тауып, үш адам жараланды.

Полицияның хабарлауынша, Питтсбург қаласы маңындағы Вилкинсбург ауданында 9 наурыз күні қарулы екі адам аллеяда өтіп жатқан сауық кешіндегі адамдарға оқ атып, қашып кеткен. Полиция қазір оқ атқандарды іздеп жатыр.

Вилкинсбургте 15 мыңға тарта халық тұрады. Тұрғындардың көбісінің табысы орта және одан төмен.

АҚШ-та соңғы жылдары атыс жиілеп, президент сайлауы қарсаңында қару ұстауға бақылау орнату мәселесін алға шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG