Accessibility links

Обама: Ресей Украинада қалай да үстемдікке ие болады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обаманың сөзінше, АҚШ қандай әрекет жасаса да Украина "Ресейдің әскери үстемдігіне қарсы тұруда әлсіз болып қала береді". Atlantic журналына берген сұхбатында Обама Украина АҚШ мүддесі түйісетін орталық емес екенін және Мәскеу Украинада қашан да өзінің үстемдігін орнатуға қабілетті болады деген пікірін айтты.

Барак Обама "Ресей мен Қытайдағы шешім қабылдау процесіне "қатқыл мәлімдемемен немесе әскери әрекетпен" ықпал етуге болады деген ұйғарымды жоққа шығарды. Обаманың сөзінше, мұндай ұстаным "соңғы 50 жылда куә болған барлық нәрсеге қайшы келеді".

Обама "тежеу тәсілдері барын", бірақ "әуелі не үшін соғыс бастау керегін анықтап алуымыз қажетін" айтты. Ол "Егер Вашингтонда әлдебіреулер Ресеймен Қырым немесе Украинаның шығысы үшін соғысамыз десе, онда олар бұл туралы ашық және айқын білдіруі тиіс" деді.

XS
SM
MD
LG