Accessibility links

АҚШ Иранды 2013 жылғы кибершабуылға айыптамақ


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ президенті әкімшілігі 2013 жылы Нью-Йорк штатындағы шағын бөгетке жасалған кибершабуылға ирандық хакерлерді жария түрде айыптамақ. Reuters және CNN-нің хабарлауынша, әділет министрлігі ресми құжаттарын дайындап қойған және мәлімдеме келесі аптада жасалуы мүмкін.

АҚШ билігі хакерлер Нью-Йорктің солтүстігіндегі су тасқынын реттеуге арналған Боуман Авеню бөгетінің тек бірнеше жүйесіне кіре алған дейді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонердің мәлімдеуінше, шабуыл күрделі болмағанымен, "киберкеңістіктегі басқа да шабуылдар сияқты рекше маңызды деп қабылданған". "Біз алда мұндай шабуылдардың алдын алу, тежеу және салдарын азайту үшін қолда бар барлық тетікті пайдаланамыз" деді Тонер.

Өткен жылы желтоқсанда Украинада жарты миллион адамды жарықсыз қалдырған электр қуатын тарату желілеріндегі апатқа хакерлік шабуыл себеп болғаны анықталған соң АҚШ президенті әкімшілігінде шет мемлекеттердің АҚШ инфрақұрылымдары жүйесіне хакерлік шабуыл жасауы мүмкін деген қауіп күшейген.

XS
SM
MD
LG