Accessibility links

АҚШ Ресейдің NDI-ге қатысты шешімін сынады


АҚШ-тың Ұлттық демократиялық институтының логотипі (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Ұлттық демократиялық институтының логотипі (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті Ресей прокуратурасының елде америкалық Ұлттық демократиялық институттың (National Democratic Institute - NDI) қызметін "ұнамсыз" деп тануын сынады.

Мемлекеттік департаменттің 10 наурызда таратқан мәлімдемесінде "Ресей үкіметінің NDI-ды "ұнамсыз шетелдік ұйым" санатына қосқанына алаңдаймыз. Біз азаматтық қоғам бөлшегі саналатын NDI мен басқа да шетелдік ұйымдар Ресейге қауіп төндіреді деген ұйғарымды жоққа шығарамыз. NDI билік құрылымдары ашық болуы тиіс және есеп беруі керек деген идеяны қолдайды. Ресей бұл идеялардан қашқақтап, я олардың орнығуын тежемей, керісінше қолдауы тиіс еді" делінген.

"Ұнамсыз" ұйымдар деп аталатын заң Ресейдегі азаматтық қоғамның қызметін шектеп, ресейліктердің бірігу еркіндігі құқығын бұзады. Біз Рсеей үкіметін адам құқығы мен фундаменталдық еркіндігін қорғау және алға жылжыту туралы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға және елде азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін шектеуді доғаруға тағы шақырамыз" дейді АҚШ мемлекеттік департаменті.

10 наурызда Ресей бас прокуратурасы NDI-дің Ресейдегі қызметін "ұнамсыз" деп таныған. Ұйым мақсаты - әлемде әдәлі және ашық сайлау арқылы демократияны қалыптастырып, нығайтуға септесу. NDI-ді 1993 жылы АҚШ конгресі құрған және ол бюджет пен үкіметтік емес ұйымдар қаржысымен жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG