Accessibility links

Шекара қызметінің әскери дайындығын тексеру басталды


Қазақстан-Қытай шекарасында тұрған қазақстандық шекарашы (Көрнекі сурет).
Қазақстан-Қытай шекарасында тұрған қазақстандық шекарашы (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде шығыс, оңтүстік және батыс аймақтардағы шекара құрылымдарында әскери дайындық тексеріліп жатыр. Шекара қызметінің бүгін таратқан ақпаратында тексеру барысында шекара құрылымдары мен техникалары орналасқан жерінен іс-қимыл болатын жерге дейін марш жасап баратыны айтылған.

Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауныша, штабтар "Қазақстан территориясына заңсыз қарулы құрылымдардың басып кіруіне тойтарыс беру" жаттығуын өткізеді. Шекара заставаларында "мемлекеттік шекараны бұзғандарды іздеу және ұстау жаттығулары" өтеді.

Шекара құрылымдары мен бөлімдерінің әскери дайындығын тексеру 10 күнге созылады.

XS
SM
MD
LG