Accessibility links

Адвокат: Савченконың денсаулығы нашарлады


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.

Украиналық ұшқыш, 10 наурызда құрғақ аштық ұстауды тоқтатқан Надежда Савченконың халі ауыр деп жазды Facebook-те оның адвокаты Николай Полозов. Оның сөзінше, құрғақ аштық салдарынан Савченконың денсаулығы нашарлаған және оған жедел түрде дәрігерлік тексеруден өту керек.

"Кеше ол ішкен суын құсып тастады. Оның онсыз да қажыған денсаулығы нашарлап барады. Аштықтан организм стресс алып, бүйрегіндегі бұрыннан бар тасына да әсер етіп жатыр. Дене қызуының бірнеше күн төмендемеуі іш құрылысында айтарлықтай қиындық барын көрсетеді" деп жазды Полозов. Оның сөзінше, Савченко өзіне ресейлік дәрігерлерді кіргізбейді. Ал украиналық дәрігерлерді Ресей билігі Савченкоға кіргізбей қойған. Ал Украина сұратқан германиялық дәрігерлердің қашан келетіні белгісіз.

Адвокат бұған қоса ресейлік омбудсмен Элла Памфилова Савченконың тағдырына белсенді түрде араласпай отыр дейді.

Савченко 10 наурызда бір апта бұрын жариялағна аштық акциясын тоқтатқан. 21 наурызда Ресейдің Ростов облысындағы Донецк қалалық соты Савченкоға үкім 21 наурызда жарияланатынын хабарлаған.

Ресей Савченконы 2014 жылы Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деп айыптайды. Бірақ Савченко айыпты жоққа шығарады.

Украина мен Ресейде және басқа да елдерде Савченконы дереу босатуды талап еткен наразылық акциялары өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG