Accessibility links

ОСК: 300 кандидат мәслихат сайлауынан шығарылды


Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауы / мәжіліс айлауы / ерте сайлау. Алматы, 20 ақпан 2016 жыл.
Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауы / мәжіліс айлауы / ерте сайлау. Алматы, 20 ақпан 2016 жыл.

Қазақстанда жергілікті мәслихат депутаттығына 300 кандидат салық декларациясындағы сәйкессіздіктен сайлаудан шығып қалды деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК).

ОСК мүшесі Марат Сәрсембаевтың айтуынша, кандидаттар өздері және салық органдары берген құжаттарда айырмашылықтар табылып жатқандықтан тіркеуден алынады. Себебі болмашы ғана "нақтыланбаған" соманың өзі заң бұзу болып саналады.

Сәрсембаевтың сөзінше, ОСК-ға сайлаудан шығып қалған екі кандидаттан шағым түскен және қазір комиссия онымен айналысып жатыр.

Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларындағы мәслихат депутаттығына бәсекеден шығарылған бірнеше кандидат өздерін сайлаудан шығарған территориялық сайлау комиссияларының шешіміне шағымданған.

Қазақстанда мәслихат депутаттығына сайлау парламент мәжілісіне ерте сайлаумен бір уақытта - 20 наурызда өтеді.

XS
SM
MD
LG