Accessibility links

АҚШ-та Нэнси Рейганмен қоштасты


Нэнси Рейган.
Нэнси Рейган.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның әйелі Нэнси Рейганды жұма күні Калифорния штатында сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсіміне белгілі саяси қайраткерлер, журналистер мен шоу-бизнес өкілдері қатысты.

Қаралы шараға жиналғандар арасында АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама, АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буш пен әйелі Лора, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы, актер Арнольд Шварценеггер және басқалар болды.

Өткен жексенбіде 94 жасында дүние салған Нэнси Рейган Калифорния штаты Сими-Вэлли қаласында Рональд Рейганның президенттік кітапханасы аумағындағы зиратта күйеуінің жанына жерленді.

АҚШ-тың 40-президенті (1981-1989 жылдары) Рональд Рейган өмірінің соңғы он жылында Альцгеймер дертімен ауырып, 2004 жылы қайтыс болған еді.

XS
SM
MD
LG