Accessibility links

Ақмола облысында жүк көлігі апатынан бір адам қаза болған


Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысында Астана - Ерейментау – Шідерті тас жолының 97-шақырымында, Новомарковка ауылы маңында сенбіге қараған түні Павлодардан Петропавл қаласына кетіп бара жатқан газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылып, салдарынан жүргізуші мерт болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлаған.

Көлікте жүргізушімен бірге болған жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушісі басқаруға ие бола алмай қалған жүк көлігі жолдан шығып кетіп аударылған. Сұйылтылған газ тасымалдауға арналған көлікте жарылыс болмаған.

XS
SM
MD
LG