Accessibility links

Шымкентте "Қызғалдақ мерекесі" шарасы өтті


Шымкенттегі қызғалдақ мерекесіне қатысушылар. 12 наурыз 2016 жыл.
Шымкенттегі қызғалдақ мерекесіне қатысушылар. 12 наурыз 2016 жыл.

Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында бүгін қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің бастамасымен "Қызғалдақ мерекесі" азаматтық акциясы өтті.

Мерекеге жиналғандар жергілікті балалар мен жастардың суреттері мен қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмені, көркемөнерпаздар концертін тамашалады. Бұдан соң жұртшылықтың қатысуымен саябақтағы гүлзарларға қызғалдақтар отырғызылды.

– Тәуелсіздік саябағына барлығы үш мың қызғалдақ отырғызылды, әсіресе ерікті жастар белсенді атсалысты, - деді Азаттыққа қалалық мүгедектер қоғамдық ұйымы төрағасы Вадим Торопов.

Қызғалдақ мерекесі туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG