Accessibility links

Жалалабадта оқушылар төбелесін тексеріп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалалабад қаласының милициясы жергілікті екі мектептің оқушылары арасында болған жаппай төбелестің мән-жайын анықтап жат ыр. Бұл туралы қалалық милиция бөлімі бастығы Мелис Шералиев хабарлады.

Жалалабадтың Спутник ауданында төбелес болып жатқаны туралы ақпарат милицияға 10 наурыз күні кешке түскен. Төбелеске отызға жуық жеткіншек қатысқан.

Оқиға болған жерде алты оқушы ұсталған. Бір оқушы төбелес барысында жеңіл жарақат алған. Төбелес кезінде жеңіл автокөліктің терезесі сынған.

XS
SM
MD
LG