Accessibility links

Ингушетия: Белсенділерге шабуыл бойынша жаңа іс қозғалды


9 наурыздағы шабуылдан кейін Ресей президенті әкімшілігі алдында наразылық пикетінде тұрған белсенді. (Көрнекі сурет.)
9 наурыздағы шабуылдан кейін Ресей президенті әкімшілігі алдында наразылық пикетінде тұрған белсенді. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Ингушетия аймағында тергеу орындары журналистер мен құқыққорғаушылар тобына қарсы жасалған шабуылға байланысты жаңа қылмыстық іс қозғаған.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, іс қылмыстық кодекстің «бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында топ болып қарумен шабуыл жасау» деген бабы бойынша қозғалған. Бұған дейін аталған оқиғаға байланысты Ресей қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» және «Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» баптары негізінде қылмыстық істер қозғалған еді. Енді осы үш істің барлығы бір тергеу өндірісіне біріктірілген.

Бұған дейін, 9 наурыз күні кешке Ингушетия мен Шешенстан шекарасында журналистер мен құқыққорғаушылар тобына шабуыл жасалған еді. Бетперде киген 20 шақты қарулы адам әлгі топтағыларды ұрып-соғып, олар келе жатқан шағын автобусты өртеп, компьютерлері мен өзге мүліктерін тартып алып кеткен. Шабуылдан зардап шеккендер арасында ресейлік және шетелдік журналистер, «Азаптаудың алдын алу комитеті» қызметкерлері бар.

XS
SM
MD
LG