Accessibility links

Косово президенті кеңсесіне шабуыл жасағандарды іздестіріп жатыр


Шабуылға ұшыраған Косово ассамблеясы ғимараты. Приштина, 12 наурыз 2016 жыл.

Шабуылға ұшыраған Косово ассамблеясы ғимараты. Приштина, 12 наурыз 2016 жыл.

Сенбі күні Приштина қаласында Косово президенті кеңсесіне шабуыл жасаған бетперде киген адамдар жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырған. Терезесі сынып, қабырғасының кей тұсы түтін ысынан қарайған ғимарат өрттен аман деп хабарлады Косово билігі.

12 наурызда таңертең ерте жасалған шабуыл кезінде кеңседе ешкім болмаған. Шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ. Үкімет бұл оқиғаны «елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпке қауіп төндіретін» іс-әрекет деп айыптады.

Шабуылға ұшыраған бөлме – президент Атифете Яхьяганың жұмыс кабинеті. Келесі айда ол кабинетке биыл 26 ақпанда өткен Косово президенті сайлауында жеңіске жеткен Хашим Тачи жайғасуы тиіс.

Қазір полиция оқиға болған кезде сол маңда көзге шалынған ақ түсті автокөлікті іздестіріп жатқаны хабарланды.

Косово билігінің этникалық сербтер құқығын кеңейту туралы Еуропа Одағының арағайындық етуімен Сербиямен жасаған келісіміне қарсы оппозицияның іс-әрекеттері Косовоны саяси дағдарысқа жеткізді.

XS
SM
MD
LG