Accessibility links

Қырғызстанда мамонт сүйектері табылған деген болжам бар


Ыстықкөл облысында табылған сүйектердің жанында тұрған адам.
Ыстықкөл облысында табылған сүйектердің жанында тұрған адам.

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Отрадное ауылы аумағындағы Жерғалан өзені маңында табылған сүйектер жер бетінде ежелгі дәуірде өмір сүрген мамонттың сүйектері болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Бұл туралы Ыстықкөл облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, аталған жердегі қазу жұмыстары барысында көне дәуірде тіршілік еткен жануардың бас сүйегінің, азуы мен тістерінің бөлшектері табылған. Ол жер қоршалып, милиция күзеті қойылған, енді онда Бішкектен ұлттық ғылым академиясынан ғалымдар бармақшы.

Әлгі сүйектерді 10 наурызда жергілікті тұрғындар тапқан.

XS
SM
MD
LG