Accessibility links

Грузияда Ұлттық гвардия мектебі ашылды


Грузия қорғаныс министрі Тинатин Хидашели.
Грузия қорғаныс министрі Тинатин Хидашели.

Грузиядағы Базалети көлі жағасында Ұлттық гвардия мектебін ашу салтанаты өтті. Шараға Грузия қорғаныс министрі Тинатин Хидашели мен Дания ішкі гврадиясы басшысы генерал-майор Фин Винклер қатысты.

«Инфрақұрылым [мектептің] Дания ішкі гвардиясының қолдауымен жасалынды және оны Ұлттық гвардия үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қарулы күштер үшін де пайдалана аламыз деп ойлаймын. Резервтік қызметке байланысты консенсусқа қол жеткізген соң, Грузия азаматтары Базалетиде пайда болған тағы бір мағыналы орында даниялықтардың қолдауымен құрылған инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік алады» деген Тинатин Хидашели.

Ұлттық гвардия мектебі кіші офицерлер құрамы мен мамандар дайындайды. Сонымен бірге мектепте апат кезінде тиісті іс-қимыл жасайтын әртүрлі құрылымдар үшін қызметкерлер даярланатын болады деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі «Грузия онлайн» порталына сілтеме жасап.

XS
SM
MD
LG