Accessibility links

Минск: КГБ кәсіпкер Чиждің ұсталғанын растады


Беларус кәсіпкері «Трайпл» компаниялар тобының иесі Юрий Чиж.

Беларус кәсіпкері «Трайпл» компаниялар тобының иесі Юрий Чиж.

Беларус мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) елдегі танымал кәсіпкер, «Трайпл» компаниялар тобының иесі Юрий Чиждің ұсталғаны туралы ақпаратты растады деп хабарлайды Азаттықтың Беларус қызметі.

КГБ баспасөз хатшысы Дмитрий Побряжиннің айтуынша, Чиж және тағы бірнеше адам «ірі көлемде салық төлеуден жалтарған» деген күдікпен ұсталып, КГБ тергей абақтысына қамалған. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Юрий Чиждің ұсталғаны туралы ақпарат жұма күні тараған. Беларус ақпарат құралдары тергеушілер кәсіпкердің кеңсесінде тінту жүргізіліп, бірқатар құжаттар алғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG