Accessibility links

А-320 ұшқышы Андреас Лубиц психиатриялық емге мұқтаж болған


Андреас Лубиц.
Андреас Лубиц.

2015 жылы наурызда Франция аумағында Альпі тауларына құлаған А-320 ұшағының екінші ұшқышы Андреас Лубицке дәрігер, ұшақ апатынан екі апта бұрын, психиатриялық ауруханаға жатуға кеңес берген.

Франциялық азаматтық авиация қауіпсіздігін зерттеу және талдау жөніндегі бюроның жексенбі күні жариялаған түпкілікті есебінде Лубицтің бойында күйзелістің алғашқы белгілері 2014 жылы желтоқсанда байқалғаны айтылған. Одан кейін ол бірнеше ай бойы бірнеше дәрігерден кеңес алған, бірақ олардың ешқайсысы бұл туралы авиация мекемелерінің ешбіріне хабарламаған.

Өткен бейсенбіде Андреас Лубицтің өзін емдеген дәрігерге соңғы рет жазған электронды хаты жарияланды. Онда ұшқыш өзі қабылдаған дәрілерден еш әсері болмағанын айтып, бойын үрей сезімі мен ұйқысыздық басқанына шағымданған.

2015 жылы 24 наурызда Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқан Germanwings (Lufthansa) әуе компаниясының екінші ұшқышы Андреас Лубиц А-320 ұшағының кабинасы есігін іштен бекітіп алып, ұшақты Альпі тауларына құлатқан. Апаттан ұшақта болған 150 адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG