Accessibility links

ИМ Иракта тағы химиялық шабуыл жасады


Химиялық шабуылдан соң тыныс алуы қиындаған балалар ауруханада емделіп жатыр. Киркук, Ирак, 9 наурыз 2016 жыл.

Химиялық шабуылдан соң тыныс алуы қиындаған балалар ауруханада емделіп жатыр. Киркук, Ирак, 9 наурыз 2016 жыл.

Ирак үкіметінің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) экстремистік тобына қатысымыз бар дейтін содырлар елдің солтүстігіндегі Киркук қаласы маңындағы Таз елді мекенінде химиялық шабуыл жасады.

Ақпараттарға қарағанда, адам улайтын затты қолдану салдарынан үш жастағы қыз көз жұмып, 600-ге тарта тұрғынның тыныс алуы қиындаған. Жүздеген адам елді мекенді тастап кетуге мәжбүр болған.

Соңғы күндері осымен екінші рет химиялық шабуыл жасалып отыр. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади жергілікті тұрғындармен кездесуде шабуыл жауапсыз қалмайтынын, оны жасағандар "қымбат құн төлейтінін" мәлімдеді.

Бұған дейін күрд қауымының өкілдері экстремистер 8 наурызда Таз елді мекенін "химиялық улы зат салынған" снарядтармен және зымыранмен атқылағанын хабарлаған. Негізінен шииттер мекендеген бұл мекенді күрд жасақтары күзетіп тұр.

XS
SM
MD
LG