Accessibility links

Иран мұнай өндіру көлемін азайтпақ емес


Иран мұнай миинстрі Бижан Намдар Занганех.
Иран мұнай миинстрі Бижан Намдар Занганех.

Иран мұнай өндірісін қысқартуға ниетті емесін мәлімдеді. Бұл өткен айда Ресей мен Сауд Арабиясы арасында мұнай бағасының арзандауын тоқтату үшін жасалған өндіріс көлемін азайту келісіміне соққы болып тиюі мүмкін.

Телеарнаға берген сұхбатында Иран мұнай министрі Биджан Намдар Занганех өзге мұнай өндіруші елдер әзірге Иранға "тыныштық беруі тиіс" екенін мәлімдеді. Ол Тегеран мұнай өндіру көлемін шектеуді өндіріс көлемі тәулігіне төрт миллион баррельге жеткенде ғана қарастыратынын айтты. Иран халықаралық санкциялар салынғанға дейін күніне төрт миллион баррель мұнай өндірген.

Бұған дейін министр өндіріс көлемін шектеуді әзіл деп атап, Иран нарықта жоғалтып алған үлесін қайтаруға тырысып жатқанын айтқан. Мұнай өндіруші елдер ұйымы - ОПЕК-тің мәліметінше, қазір Иран күніне 2,8 миллион баррельден 3,5 миллион баррельге дейін мұнай өндіреді.

Ресей мен Сауд Арабиясы жасасқан келісім 2014 жылмен салыстырғанда 70 пайызға дейін арзандап кеткен мұнай бағасын тұрақтандыру үшін жасалған. Келісімге Катар мен Венесуэла да қосылған.

XS
SM
MD
LG