Accessibility links

"Нусра майданы" Сирияда базаны басып алды


Алеппо қаласында жүрген "Нусра майданы" тобы содырлары. Сирия, 2015 жылдың мамыры.

Алеппо қаласында жүрген "Нусра майданы" тобы содырлары. Сирия, 2015 жылдың мамыры.

"Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар "Нусра майданы" содырлар тобы Сирияның солтүстік-батысында көтерілісшілер бақылауындағы база мен қару-жарақ қоймасын басып алды. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Батыс елдері қолдайтын Сирия еріктілер армиясы 13-дивизиясының он шақты мүшесі тұтқынға түскен.

13-дивизия өкілдері Twitter-де топ мүшелері "Нусра майданы" содырлары өздерінің Идлиб провинциясындағы шептерін 13 наурыз күні таңертең атқылағанын хабарлады. Сирияда қазір үкімет пен оппозиция арасында Женевада өтетін бейбіт келіссөз қарсаңында уақытша бітім орнаған. Бітім "Нусра майданы" тобы мен "Ислам мемлекеті" (ИМ - террористік ұйым ретінде Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG