Accessibility links

Ресейдегі БҰҰ-ның адам құқығы кеңсесі жабылды


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн.

Ресейдің Женевадағы дипломатиялық миссиясы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Мәскеудегі кеңсесі жабылып жатқанын растады. Бұл туралы РИА "Новости" агенттігі 12 наурыз күні хабарлаған. Бірақ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.

РИА "Новости" агенттігінің хабарлауынша, Ресей елшісі Алексей Бородавкин БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы Ресейде адам құқығы институттарының қалыптасуына көмектескенін және Мәскеудегі кеңсесінің жабылуында тұрған "төтенше ешнәрсе жоқ" екенін айтқан.

10 наурыз күні БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Кремльден Ресейдің БҰҰ комиссары басқармасы кеңсесін жаппақ ниетте екені туралы белгі берілгенін айтып, алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG