Accessibility links

Анкарада қазақстандықтар зардап шеккен-шекпегені белгісіз


Анкарадағы жарылыс орны. Түркия, 13 наурыз 2016 жыл.

Анкарадағы жарылыс орны. Түркия, 13 наурыз 2016 жыл.

Анкарада болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бары туралы мәлімет түспеді деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. Оның сөзінше, министрлік қазір жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр.

Анкарадағы жарылыс 13 наурыз күні кешке қарай қала орталығындағы алаңға жақын жерде, автобус аялдамасында болған. Жарылыстан 34 адам қаза тауып, 125 адам жараланған. Полиция "екі автобустың ортасында тұрған, мина жасырылған жеңіл көлік жарылған" дейді.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG