Accessibility links

Грузияда даулы видеоға қатысты екі адам ұсталды


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Грузияда әшкерелейтін материалдардың жариялануынан кейін туындаған дауға байланысты екі адам ұсталды. Грузия бас прокуратурасы ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Зураб Джамалашвили мен заңгер Иракли Пхаладзе жыныстық қатынаспен айналысып жатқан шенеуніктер түсірілген видеоны заңсыз таратты деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Өткен аптада Youtube сайтында оппозициялық "Еркін демократтар" партиясының саясаткері, үйленген әйелдің "өзге бір ер адаммен жыныстық қатынасқа түскені" туралы видеоролик тараған. Өзге бір видеода басқарушы коалицияның екі мүшесі, оппозиционер мен журналист түсті делінген осындай видео бары, егер бұл төртеуі 31 наурызға дейін отставкаға кетпесе ол видеоның да жарияланатыны ескертілген.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили "барлық мемлекеттік жүйе мобилизацияланғанын" және "қылмыс таяуда ашылатынын" мәлімдеді.

Қазан айында Грузияда парламент сайлауы өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG