Accessibility links

Брюссельде терроризмге күдікті оққа ұшты


Брюссель көшесінде жүрген полиция арнайы жасағы сарбаздары. 15 наурыз 2016 жыл.
Брюссель көшесінде жүрген полиция арнайы жасағы сарбаздары. 15 наурыз 2016 жыл.

Брюссельде арнайы мақсаттағы полиция жасағы терроризмге күдікті ер адамды атып тастады.

Бельгияның федералдық прокуратурасының хабарлауынша, полиция қызметкерлері Брсююельдің оңтүстігіндегі үйлердің бірін тексеру кезінде есікті ашқанда оларға бір немесе бірнеше адам оқ атқан. Полиция атыс басталған соң бес сағаттан кейін ғимаратқа басып кіріп, Калашников автоматымен қаруланған күдіктіні атып өлтірген. Қазір оқиға тергеліп жатыр.

Париждегі 2015 жылы 13 қарашада болған шабуылдарды ұйымдастырушыларды іздеу рейді кезінде төрт полицей жараланған. Полицейлер Париждегі терактілерді ұйымдастырды деген негізгі күдікті Салех Абдесламды іздеу кезінде қарсылыққа тап болған. Абдеслам мен оның күдікті серігі, Брюссельдің Молинбик ауданында тұратын Мохамед Абрини әлі еркіндікте жүр.

Париждегі шабуылдардан 130-дан астам қаза тапқан. Шабуылдарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

Бельгияда бұған дейін он бір адам тұтқындалып, оларға Париждегі шабуылға қатысты айып тағылған. Олардың сегізі сот шешімін күтіп отыр.

XS
SM
MD
LG