Accessibility links

Йеменде коалиция шабуылынан 41 адам мерт болды


Йеменнің Худида қаласындағы Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылынан қираған нысан. 21 желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Йеменнің Худида қаласындағы Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылынан қираған нысан. 21 желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Йеменнің солтүстігіндегі Хаиджа провинциясында Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясының әуе шабуылдарынан кем дегенде 41 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Куәгерлердің айтуынша, екі зымыран Мустаба ауданындағы адам қарасы көп жүретін базарға түскен. Коалиция шабуыл туралы ақпаратты тексеріп жатқанын айтады.

Хаиджа провинциясын шииттік көтерілісші хуситтер бақылайды. БҰҰ мәліметтері бойынша, коалиция бір жыл бұрын хуситтерге қарсы операция бастағаннан бері 6 мың 200-ден астам адам қаза тапқан. Олардың жартысы - бейбіт тұрғындар.

Қақтығысқа хуситтер мен халықаралық қауымдастық мойындаған үкіметке қарсы бұрынғы президентке жақтас әскери құрылымдар қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG