Accessibility links

Норвегияда Брейвиктің шағымы қаралып жатыр


Андерс Беринг Брейвик сотта тұр. Норвегия, 15 наурыз 2016 жыл.

Андерс Беринг Брейвик сотта тұр. Норвегия, 15 наурыз 2016 жыл.

Норвегияда ондаған адамды өлтірген Андерс Беринг Брейвиктің үкіметке шағымы бойынша сот отырысы басталды. Сот басталғанда ол нацистік стильде қолын жоғары көтеріп амандасты. Брейвиктің адвокаттары сотта оған қамауда дұрыс қарамады деп мәлімдеді.

Брейвик 2011 жылы Осло орталығында жарылғыш затты іске қосып, сосын Утойя аралындағы жастар ұйымының жазғы лагерінде жаппай оқ атып, 77 адамды өлтірген.

Ол 2012 жылы 21 жылға сотталғаннан бері көпшілік алдына алғаш шығып отыр. Ол сотта полиция қолынан кісенін шешкен соң Гитлер нацистерінше амандасты. 37 жастағы Брейвик Норвегия үкіметі өзін бір кісілік камераға қамап, адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясының екі ережесін бұзып отыр деп мәлімдеді. Прокуратура оның ұйғарымын жоққа шығарады.

16 наурызда сотта Брейвикке сөз берілмек.

XS
SM
MD
LG