Accessibility links

Байқоңырда "Союз" зымыранын орнату кейінге қалды


Байқоңырға теміржолмен әкелініп жатқан "Союз" зымыран тасығышы.
Байқоңырға теміржолмен әкелініп жатқан "Союз" зымыран тасығышы.

Байқоңыр ғарыш айлағында бүгін қатты желден "Союз ТМА-20М" ғарыш кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы орнатылмайтын болды. Ғарыш кемесі 19 наурызда Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылады деп жоспарланған. Әзірге зымыран тасығыштың қашан орнатылатынын және қашан ұшырылатыны белгісіз.

Ғарыш кемесі ХҒС-қа ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олег Скрипочкиді және NASA автронавты Джеффри Уильямсті жеткізуі тиіс.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышын монтаждау және сынау кешенінен шығарып, ұшу алаңына жеткізгенімен, дауылды желден оны тігінен орнатып қою тым қауіпті болған.

XS
SM
MD
LG