Accessibility links

Пәкістан: жарылыста адамдар мерт болды


Жарылыс болған аймақ. Пешавар. 16 наурыз, 2016 жыл.
Жарылыс болған аймақ. Пешавар. 16 наурыз, 2016 жыл.

Пәкістан үкіметінің мәлімдеуінше, бүгін Пешавар қаласында болған жарылыстан кем дегенде 15 адам мерт болып, жиырмаға жуығы жараланған.

Жарылыс қаланың адам көп жүретін, түрлі мемлекеттік органдардың ғимараты орналасқан ауданда болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, төрт килограмдық бомба мемлекеттік қызметкерлер мінген автобуста жарылған.

Автобус Пешавардан Мардан қаласына бара жатқан. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG