Accessibility links

Ресей ұшақтары Сириядан ұшып шықты


Хмеймим әуе базасындағы Ресей әскері.

Хмеймим әуе базасындағы Ресей әскері.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ресейлік әскери ұшақтардың бір тобы Сирияның Хмеймим әуе базасынан Ресейге қарай ұшып шыққан.

Бұл топтың ішінде бірнеше Ил-76 және Су-25 әскери ұшақтары бар. Ұшақтар Ресей шекарасына өткенге дейін арнайы қатаң бақылауда болады.

14 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы әскери операцияны тоқтатып, әскер мен техниканың біразын шығаруға бұйрық берген.

XS
SM
MD
LG