Accessibility links

Ұлттық құраманың олимпиада формасын таныстырды


Рио олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан спортшылары киіп шығатын форма (Суретті Қазақстан олимпиада комитетінің баспасөз қызметі ұсынды).

Рио олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан спортшылары киіп шығатын форма (Суретті Қазақстан олимпиада комитетінің баспасөз қызметі ұсынды).

Бүгін Астанада Қазақстан олимпиада комитеті Рио-де-Жанейро олимпиадасында спортшылардың киетін форманың соңғы нұсқасын таныстырды.

Құны 245 мың теңге тұратын комплект ішіне ашылу және жабылу салтанатында киетін ресми формалар мен күнделікті спорттық киімдер енген.

Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Астанада өткен жиында киімдердің барлығы Қазақстанда тігілетінін, алайда материалдары Италиядан жеткізілетінін айтты.

Рио олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан 100 жолдама алуды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG