Accessibility links

Нұрәлі Әлиевтің орынбасарлықтан кеткені хабарланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Ол "енді бизнеспен шұғылданатынын" айтқан.

Нұрәлі Әлиев бұл қызметке 2014 жылдың соңында тағайындалған.

Ол әр жылдары «Нұрбанк» төрағасының бірінші орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2008-2013 жылдары «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары, «Транстелеком» компаниясы басқарма төрағасы болған.

Нұрәлі Әлиевтің шешесі Дариға Назарбаева - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, премьер-министрдің орынбасары.

Нұрәлі Әлиевтің әкесі Рахат Әлиев 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған. Ол "Нұрбанк" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлап өлтіруге қатысы бар" деп айыпталып, 2007 жылы мемлекеттік қызметтен қуылғалы бері Еуропа елдерінде тұрып жатқан.

XS
SM
MD
LG