Accessibility links

Обама Жоғарғы сот басшылығына кандидат ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама Жоғарғы сот басшылығына Маррик Гарленді ұсынып тұр. Вашингтон, 16 наурыз 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Жоғарғы сот басшылығына Маррик Гарленді ұсынып тұр. Вашингтон, 16 наурыз 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Меррик Гарленді АҚШ Жоғарғы соты басшысы қызметіне ұсынды. 63 жастағы Гарленнің кандидатурасын Конгресс сенаты бекітуі тиіс. Бірақ сенатты бақылайтын республикашыл партия өкілдері Обама ұсынған кез келген кандидатты дауысқа салудан бас тартып отыр. Республикашылдар бұл мәселемен Обаманың орнына келетін жаңа президент айналысуы тиіс дейді.

"Мен АҚШ-тың құқық саласында терең білгірлігімен танылған кандидатты ғана емес, қызметте әдептілікті, қарапайымдылықты, туралық пен әділдікті басшылыққа алатын адамды таңдадым" деді Обама.

Жоғарғы соттың бұрынғы басшысы, консерватор Антонин Скалиа өткен айда қайтыс болған. Оның қазасынан соң Жоғарғы сотта республикашыл судьялар мен демократ судьялар саны арасында тепе-теңдік орнаған. Республикашыл партия Обаманың кандидатурасы мақұлданса, ара салмақ либералдар жағына қарай ауып кетеді деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG