Accessibility links

Косовода ИМ-ге қатысты күдікпен 2 адам ұсталды


Приштинадағы Косово полициясы (Көрнекі сурет).
Приштинадағы Косово полициясы (Көрнекі сурет).

Косово полициясы "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобына адам тартты және осы ұйым содырларын қаржыландырды деген күдікпен екі адамды ұстағанын хабарлады. Күдіктілердің бірі - кәсіпкер. Полицияның мәліметінше, ол косоволық көптеген жастың ИМ қатарына кіруіне ықпал еткен және олардың кейбірі Ирак пен Сирияда қаза тапқан.

Екінші ер адам Косово астанасы Приштинадан оңтүстікке қарай Призрен қаласында ұсталған. Оған желтоқсанда елден шықпақ болған кезде ұсталған ИМ-нің екі содырын ұйымға тартты деген айып тағылған.

Полиция ИМ-ге шамамен косоволық 300 азамат қосылып, олардың 50-ден астамы қаза тапқанын айтады. Бұл елде Сирия мен Ирактағы әскери қимылдарға қатысты 100-ден астам адам қамауда отыр немесе тергеліп жатыр.

XS
SM
MD
LG